Қытай басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін және Өзіңізді толық қолдайтынын білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.

Фото: akorda.kz

Мақат тынысы

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

2

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика