Сараптау-талдау қызметін жүргізетін мықты орталықтар желісі қажет -  Тоқаев

(0 Votes)

Бізге сараптау-талдау қызметін тиімді жүргізетін мықты орталықтар желісі қажет. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бастама көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге сараптау-талдау қызметін тиімді жүргізетін мықты орталықтар желісі қажет. Бұл құрылымдар сапалы әрі сұранысқа ие интеллектуалды өнім ұсынуға тиіс. Еліміз идеологиялық дербестігін сақтау үшін мұның айрықша мән-маңызы бар. Сараптама орталықтары еліміз егемендік кезеңінде жүріп өткен жолдың әр бағытын зерттеуге тиіс. Кемшіліктердің себеп-салдарын анықтау қажет. Үкімет жаңа жоспар жасағанда осы факторлар ескерілуі керек. Ғылым мен зерттеуге негізделген саясат табысты болады», - деп ұсыныс білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT