Сайлау - халықтың мемлекеттік билікке араласуының бірден бір көрінісі.
Ал, сайлауға бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау, мемлекеттік іске бей-жай қарамау – әр қазақстандықтың парызы, мейлі ол жас, кәрі, зейнеткер немесе мүгедек жан болса да. Депутаттыққа бұқараның мүддесін қорғайтын кәсіби білім-білігі жеткілікті, іскер жандардың баруына ықпал етеміз. Яғни, бұл әр адамның саяси науқаннан қалыс қалмай, өз еркін білдіруі қажет деген сөз. Мүмкіндігі шектеулі жарымжан жандарға жағдай жасалып, үйден шықпай дауыс беруге мүмкіндік берілгені қуантты. Өйткені олардың бірінің құлағында, бірінің жанарында, енді бірінің тірек-қимыл қозғалыс мүшелерінде мүкіс болғандықтан, өзге сайлаушылар секілді еркін дауыс бере алмайтыны белгілі. Осыған орай, жылжымалы жәшіктермен сайлау комиссиясының мүшелері үй-үйді аралап, заң талабы бойынша біздерге қызмет көрсетті. Қамкөңіл жандардың құқықтары қорғалып, сайлауға қатысуға қолайлы жағдай жасалды. Яғни, мүгедек жандар да өздерінің азаматтық борыштарын орындады.
Мәжіліс пен мәслихат мінберлерінде халықтың, оның ішінде, әсіресе, мүгедектердің мұң-мұқтажын шынайы да абыроймен көтеріле алады деген сенім мол. Ауа райы да жайлы болып, өз таңдауымызды жасап, кемел болашағымыз үшін тағы бір шешуші сәтті басымыздан өткізіп, еліміздегі демократияның кеңінен өрістеуіне негіз қаланғанына куә болдым. Ел үмітін ақтайды деп сенім білдірген халық қалаулыларының жоғары органда үмітімізді ақтап, мүддемізді қорғайды деп сенемін. Жұмабай Жұмағалиев,1 топ мүгедегі