Саяси науқанда азаматтық қоғам өкілдері де таңдау жасауға кірісті. Атыраудағы көлік және коммуникация колледжінің ғимаратында орналасқан №11 учаскеге «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері келіп дауыс берді.
- Сайлау деген ел болашағын айқындайтын саяси науқан. Сондықтан бүгін келіп, таңдауын жасау әр азаматтың борышы деп ойлаймын. Өзімнің таңдауымды жасадым. Жаңа Қазақстан құрамыз дейміз ғой. президентіміз айтып кеткен ықпалды парламент, күшті президент, есеп беретін үкімет деген қағидасы бар. Сол қағиданы жүзеге асыруға бәріміз атсалысумыз керек, - дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ләззат ЖЫЛҚЫШИЕВА.
- Мында тіркелген сайлаушылардың саны 1978. Қазіргі таңда 37 адам дауыс берді. Халықтың дауыс беруге келуі жақсы. Бәрі өз таңдауын жасап жатыр. Бүкіл жағдай жасалып отыр. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - дейді №11 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жәнібек НИТАЛИЕВ.