Мақат ауданында жалпыхалықтық референдум өткізу ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Ауданда сайлау науқанына жалпы саны 12 сайлау учаскесі дайындалды. Оның алтауы Мақат, бесеуі Доссор кенттерінде және біреуі Бәйгетөбе ауылдық округінде орналасқан.
Барлық сайлау учаскелері материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі сайлау комиссиясына 12 төраға, 12 орынбасар, 12 хатшы және 48 мүше бекітілді.
Жалпы ауданда 5 маусым күні 16535 тұрғын дауыс береді деп күтілуде.
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 781 аудан тұрғынының дауыс беруі үшін учаскелік комиссиялар GPS «Investment» ЖШС, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В. Атырау филиалы, «Дифитэл» ЖШС, Мақат желілік-өндірістік басқармасы мекемелеріне арнайы баратын болады.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді. Және оларға инватакси қызметі ұйымдастырылатын болады.
Айта кетейік, бұл күні Мақат және Доссор кенттерінің ішаралық қоғамдық көліктері жолаушыларды тегін тасымалдайды.
М.Ізтұрғанова