Ауданда мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

(0 Votes)

Аудан орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанат өтті.

Мемлекеттік нышандарды ұлықтаған мерекелік шара орталық алаңда «Ел рәміздері-елдігімнің тірегі» тақырыбында ұйымдастырылды.
Шара барысында егеменді ел екенімізді айқындайтын көк туымыз ортаға әкелініп, аудандық Ішкі істер бөлімі, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, аудан әкімдігі аппараты қызметкерлері, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебі, Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешені, М.Баймұханов және Х.Санбаев атындағы орта мектептерінің оқушылары салтанатты түрде ту ұстап, шерулеп жүріп өтті.
Сондай-ақ, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің оқушылар әскери-саптық марш орындаса, «Шаттық» үлгілі би ансамблі қыран құсты бейнелеген қойылым қойды.
Кейін барлық шараға қатысушылар біркісідей мемлекеттік әнұранды шырқады.
Сахна төріне көтеріліп, тұрғындарға мерекелік құттықтауын жеткізген аудан әкімі Ринат Хисаұлы айбынымызды асырған мемлекеттік рәміздерді құрметпен ұлықтау әрбір азаматтың парызы екенін алға тартты.

mereke-akim

«Мемлекеттік рәміздер — мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Біз осы қазақ халқының қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілерді қастерлеуіміз керек. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!», - деді аудан әкімі.

Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, Е.Бөрібаев, С.Маңғыстау, А.Төлегенов, «Қыздар» триосы, Арыстановтар дуэті патриоттық әндер шырқап, өнер көрсетті.

mereke-6
Бұл күні сондай-ақ, Доссор кенті бойынша "Туымыз-төрімізде" аттық патриоттық акциясы ұйымдастырылды.
Өз тілшіміз
Суреттер аудандық мәдениет үйінен алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT