№205 референдум учаскесінің комиссия құрамы өлкетанушы Орақ Деңгелбаевтың үйіне рефрендум жәшігін апарып, таңдау жасатуға мүмкіндік тудырды.
Денсаулық жағдайына байланысты референдум учаскесіне баоа алмай отырған ауданның құрметті азаматы, қоғам қайраткері, Орақ Ерғалиұлы:
"Қай жаста болсақ та, азаматтық борышымызды ұмытпауымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы - сайлау нәтижелеріне байланысты. Сайлауға үйден шықпай-ақ, қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға рахмет,",-дейді О. Деңгелбаев.
Айта кетейік, түске дейінгі уақытта мәдениет үйінде орналасқан учаскеде 300 тұрғын өз даусын беріп үлгерді.
А.Жұмабергенқызы