Бәйгетөбеліктер белсенділік танытуда

(0 Votes)

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде орналасқан №209 референдум учаскесінде дауыс беруге келіп жатырған тұрғындар саны қалың.

Округ бойынша 1157 дауыс беруші болса, оның 277 тұрғыны шалғай елді мекендерде орналасқан.

Референдум комиссиясының төрайымы Таңшолпан Сағидоллақызы: “Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындары дауыс беруге белсенділік танытуда. Қазіргі сәтке дейін 215 тұрғын өз дауыстарын беріп үлгерді. Сондай-ақ, ауылдық округке қарасты разъездерге референдум учаскесінен референдум комиссиясының мүшелері сайлау жәшігімен кеткен болатын. Қазіргі сәтте ол жақта 237 дауыс жиналған”,-деді.

Айта кетейік, № 209 сайлау учаскесінде 5 бақылаушы дауыс беруді жіті қадағалауда.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT