Әлемдегі 206 Ұлттық Олимпиада комитетінің 203-і ХОК-тан шақырту алды, деп хабарлайды AtyrauPress Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық Олимпиада комитеті ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне Париж-2024 ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді.
Алайда ресми шақырту Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді.
Айта кетейік, 26 шілдеде атаулы спорт шарасының құрметіне Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті.
2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы Парижде 2024 жылдың 26 тамызы мен 11 қыркүйегі аралығында өтеді.