Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты тақырыпта Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаны баршамызға мәлім.
Жолдаудың алғашқы бөлімі «Заман талабына сай тиімді мемлекет» айдарымен басталды. Ол – халықпен тиімді кері байланыс орнату. Белсенді жастарды саясатқа араластыру, ол - жастарға артылған бір сенімділік. Ерте кезден елдің ісіне араласып, жауапкершілікті ерте сезінген жастарымыздан болашақта зор үміт күтуге болады.
Дарындар, әсіресе, ауыл жастарынан шығып жатыр. Оларға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына қол жеткізуге мүмкіндіктің қарастырылғаны көңілді көтерді. Баса айта кететін жайт, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырғаны. Бұл дегеніміз - ауыл жастарының дамытуға бағытталған керемет мүмкіндік.
Бұл ретте президентіміз ұстаздарымызға да арналған жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Себебі өзіміз білетіндей, «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, жастарымыздың білімді, рухани бай, ішкі мәдениеті дамыған, алғыр болуына ұстаздарымыздың еңбегі мол.
Әсел Қаржауова,
Мақат аудандық
Жастар ресурстық орталығының басшысы