Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауының өз ерекешелігі мол.
Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап берді.
Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды.
Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.
Қ.Тоқаев аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамды тартуға шақырды. Сондай-ақ, осы мақсатпен белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын атап өтті. Мемлекет басшысының алғашқы халқына Жолдауын талқылау барысында кітапхана қызметкерлері үшін Жолдаудағы келер жылы аталып өтетін әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігіне тоқталуы - біз үшін қуаныш. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына біз кітапхана қызметкерлері сенеміз.
«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» - деген мемлекет басшысы жолдауындағы тағы бір қуантары -ІV – інші ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ аталымындағы мәдениет қызметкерлерін қолдауы. Бұл аталымдағы мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлу, келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алатындығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керектігі жанымызға жақын тиді.
Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келетіндігімізге сенім білдіре отырып, мемлекет басшысының алғашқы Жолдауын бірауыздан қолдаймыз. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенеміз!
Ақмарал УТЕШОВА,
аудандық орталық кітапхана директоры