Бөлімде - жаңа басшы

(1 Vote)

Аудан әкімдігінің  кіші мәжіліс залында жаңа тағайындауға байланысты жиын өтті.

Аудан әкімі Шәкір Кейкин бұған дейін "Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болған Жайкин Бекәділ Орынбасарұлын лауазымынан босатып, "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындады.
  Ал,  мекеме басшысының міндетін уақытша атқару аталған мекеменің бас маманы А.Айжарықовқа  жүктелді.

Жайкин Бекәділ Орынбасарұлы

1976 жылы Қызылқоға ауданы, Мұқыр стансасында дүниеге келген.

2001-2004 жылдары ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша аяқтап, құқықтану бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Мақат ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитетінде тергеуші болып бастаған.

1997-1999 жылдары Атырау қалалық ішкі істер бөлімінде аға тергеуші,

1999-2004 жылдары Құлсары қаласында Жылыой аудандық ІІБ-ң анықтау бөлімшесінің бастығы.

2004-2014 жылдары Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

2014-2017 жылдары  Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

2017-2018 жылдары «KMG security» ЖШС Құлсары филиалының директоры.

2018 -2020 жылдар аралығында  Мақат кентінің әкімі, ауданның тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде. 

"МТ"

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT