АТЫРАУҒА ПРЕМЬЕР-МИНИСТР АСҚАР МАМИН КЕЛДІ

(0 Votes)

Atr.kz/27 ақпан, 2020 жыл.  Бүгін Атырауға еліміздің Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Премьер-министр Атырау бекіре балық өсіру зауытына барып, жұмысымен танысады деп күтілуде.

Бізге берілген ресми ақпаратта Үкімет басшысының «Каспий плюс» цехының, «Амангелді» балық өндірісі цехының, «Каспиан Роял Фиш» цехының жұмысымен танысып, тағы да бірқатар нысандарды аралау жоспарланғаны айтылған.

Сонымен бірге, Премьер-министр Асқар Мамин Атыраудағы Балғымбаев орталығында өтетін балық шаруашылығы өнімдері көрмесіне барады.

Ал, Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланатын жиын іс-сапардың ең қорытынды бөлігі.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өтетін жиын Балғымбаев орталығында болады деп күтілуде.

Еске сала кетелік, бұған дейін сенатор Сәрсенбай Еңсегенов елімізде балық шаруашылығы министрлігін құру мәселесін көтерген болатын. Сенатордың пікірінше, арнайы ведомство құру – балық шаруашылығы саласын дамытудың ең негізгі тетігі.

atr.kz

Мақат тынысы

COVID 19

covid