Ауданда референдум учаскелері ашылып, дауыс беру басталды

(0 Votes)

Таңғы сағат 07:00-ден бастап, аудан учаскелерінде республикалық референдумның ашылу салтанаты өтті.

Аудан бойынша 12 учаскеде әнұран шырқалып, толығымен жұмысқа кірісті.

Мәдениет үйінде орналасқан №205 референдум учаскесінде 4 комиссия мүшесі, төраға және орынбасары, хатшы жұмыс істеуде.

Референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Еске салсақ, аудан бойынша дауыс беруге құқығы бар 16535 тұрғын бар.

А.Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT