Ауданда алғашқы сайлаушы дауыс берді

(0 Votes)

ҚР-ның Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдумға дауыс беру ауданда таңғы сағат 07:00-ден басталды.

Аудандық мәдениет үйінде орналасқан №205 учаскеге дауыс беру үшін вахталық қызметтегілермен қоса алғанда 1235 адам тіркелген.

Бұл сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып ҚТЖ мемлекеттік мекемесінің қызметкері Алуаддин Ахметов өз таңдауын жасап, дауыс берді.

"Елдің ертеңі үшін балаларымыздың болашағы үшін егемендіктің тұрақтылығы үшін өзгеріс керек. Сол үшін дауыс беруге, науқанды қолдауға келдім. Әрбір Қазақстан азаматы өз пікірін білдіріп, Елімізде тұңғыш рет болып жатқан референдумнан қалыс қалмайды деп ойлйамын. Дауыс беру – азаматтық міндетіміз",- дейді аудан тұрғыны Ахметов

А. Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT