«AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әсел Шайзадақызы ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.
Әсел Қаржауова отбасымен бірге Мақат кентіндегі №236 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.
«Референдумға қатысып, өз учаскемде дауыс бердім. Жалпы, дауыс беру процесі өте жақсы ұйымдастырылған. Сайлаушылардың белсенді қатысуына қарамастан, комиссия мүшелері жұмыстарын тиянақты істеп жатыр. 2022 жылғы 5 маусым Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің біріне айналатынына сенімдімін»,- деді аудандық мәслихат депутаты Ә.Қаржауова.