№209 референдум учаскесінде дауыс беру әлі де қарқынды жалғасып жатыр. Өз таңдауын жасауға асыққандардың бірі - зейнеткер Жібек Есеналиева.
Ол дауыс беруге отбасы мүшелерінің бәрі белсенді түрде қатысқанын айтады.
“Еліміз үшін маңызды шарадан қалыс қалмайық деп өз дауысымызды беруге келдім. Себебі, Ата-заңымызға өзгертілетін өзгерістер - ел ертеңін айқындайтын нақты қадам болмақ” - дейді зейнеткер.
Айта кетейік, №209 референдум учаскесінде қазірге дейін 500-ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгерген.
Ә.ҚАСЫМ