Қазіргі уақытта банктер алдындағы несиелерді өтеуді кейінге қалдыру бойынша өтінімдерді тіркеу жұмыстары жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылуда.
«10 сәуірден 23 сәуір аралығында тұрғындардан несие өтеу мерзімін кейінге қалдыру бойынша 1855 өтінім тіркелді. Өтінім қабылдау жалғасуда» делінген Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінде.
Еске сала кетсек, су тасқынынан зардап шеккендердің несиелері бойынша төлемдер автоматты түрде 3 айға кейінге қалдырылғанын еліміздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлаған болатын.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы