Қала сыртындағы тас жолдарда апаттық жағдай күрделі болуына байланысты өңірімізде жыл басынан бері жол қозғалысын бақылауды күшейту бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды.
Атап айтсақ, 15 бағанада орнатылған "Трафик-Сканер" және 28 "Кибер-Шериф" автоматты фотобейне түсіру кешендерінің жергілікті атқарушы органның қолдауымен іске қосылды. Аталған кешендер адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді. Бұл көлік шектеу жылдамдығын сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жасырын патрульдеу әдісі бойынша Ішкі істер органдарына бекітілген арнайы 8 автопатруль көліктері қызмет атқаруда. Олар "Оракул Инсайт" кешенімен жабдықталған.
Басты мақсат - жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жол қозғалыс ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.
Осы іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері облыстағы республикалық, аудан аралық тасжолда орын алған жол көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеп отыр.
Осыған орай, облыс тұрғындары мен қонақтары тәртіп сақшылары жолдағы әрбір адамның қауіпсіздігіне бағытталған іс-шараларға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы туралы заңда белгіленген жол жүрісінің барлық ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді.