Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

 Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында өмірге келген.

2004 жылы «Фемида» заң институтын, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистратурасын тәмәмдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.

Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.

Алматы облысының Полиция департаментін 2022 жылдың қаңтар айынан бері басқарған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT