2024 жыл Атырау облысының қоғамдық өмірінде елеулі оқиғалар мен жетістіктерге толы жыл болды. Мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы ретінде, осы жылы атқарылған игі істерді ерекше атап өткім келеді. Облысымызда көптеген әлеуметтік жобалар мен мәдени бастамалар іске асырылды, бұл біздің қоғамымыздың дамуына үлкен серпін берді. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласында жүргізілген жұмыстар жастардың болашағына инвестиция салу болып табылады.
Тұрақты комиссия отырысында маңызды мәселелер көтеріліп, талқыланып келеді. Әлеуметтік және мәдени даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақ міндеттер күн тәртібінде әрдайым бірінші орында. Комиссияның отырыстары өңіріміздің тұрмысын жақсартуға, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған нақты шараларды қарастыру үшін тиімді алаң болып табылады.
Алда талай жауапты істер күтіп тұр, бірақ біз бұл міндеттерге дайынбыз. 2024 жылы елімізде атом электр станциясының салынуының бастамасы да маңызды қадам болды. Бұл жобаның жүзеге асуы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында маңызды рөл атқарады. АЭС құрылысымен байланысты жұмыстар еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер мен әрі қарай дамуға жол ашып отыр.
Алда тұрған жауапкершілік үлкен, бірақ біз бірлесіп, еліміздің және өңіріміздің игілігі үшін барлық күш-жігерімізді салуға дайынбыз.
Нұрлыбек ДАРАЛИЕВ
облыстық мәслихат депутаты, Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы