ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!
фото: malim.kz
(1 Vote)

 Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамға кесірін тигізер зиянды әдеттерден аулақ болу керектігін астын сызып айтты.

«Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ, нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ерте. Әрбір мемлекеттік құрылым, әсіресе, құқық қорғау органдары тиімді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Есірткі мәселесі ушығып барады.Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» - деді Президент Қасым Жомарт Тоқаев.

Расымен де ғасыр дертіне айналған есірткімен күресті тоқтатпауымыз керек. Оң мен солын танып үлгермеген жастар түрлі қызылды-жасылды дүниелерге қызығып, тәуелділікке душар болып жатады. Бұл сайып келгенде ұрпақтың жарқын болашағына балта шабумен тең. Сондықтан нашарқорлыққа қарсы күрес ел үшін өзекті. Есірткіге қарсы күресті тек құқық қорғау органдары емес, сонымен бірге қоғам бірлесіп атқаруы тиіс. Осы негізде ауданымызда да жыл бойы тыңғылықты жұмыстар атқарылып, есірткіге қарсы арнайы штаб та құрылған болатын. Штаб өкілдері жұмыс жоспарына сай әр апта сайын ауданға қарасты мекемелер мен мектептерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Аудандық аурухананың арнайы сала мамандары есірткінің адам денсаулығына зиянын түсіндірсе, ал құқық қорғау саласының мамандары есірткіні сатып алу және саудалау кезінде жазалау заңдарына тоқталып, зиянды әдеттен аулақ болуға шақырады.

Ендеше жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бәріміз есірткіге қарсы күресіп, ел болып зиянды кеселге тосқауыл қояйық!

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT