Жұмыстың жаманы жоқ

Жұмыстың жаманы жоқ
(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында биылғы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай «Еңбегі еленген ерендер» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Онда жұмыстың жаманы жоғына, адамды асырайтын да, елге танытатын да адал еңбек екеніне мән берілді.

Шараға Құрманғазы аудандық пошта байланыс торабының курьері Е.Жұмағалиқызы, тігіншілікті кәсіпке айналдырған Д.Исатайқызы және жеке кәсіпкер, кондитер-технолог мамандығының иесі И.А.Алібекқызы қатысып, қойған сұрақтарға жауап қайтарып, жасап жатқан қызметтері туралы әсерлі әңгімеледі.

Кеш барысында «Адам көркі -адал еңбек» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалып, С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері А.Бегалиев сазды әуенін арнады.

Кездесу соңында арнайы шақырылған қонақтарға кітапхана атынан естелік сыйлықтар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT