Жұмысшыларға сұраныс жоғары болмақ

Жұмысшыларға сұраныс жоғары болмақ
фото: azattyq-ruhy.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында алдағы даму кезеңімізге байланысты ел алдына көптеген жаңа міндет қойды. Әсіресе Президент еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екенін айта келіп, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. 

Жалпы бұл аталған қызмет саласы ауыр болғанымен, еңбегі елене бермейтін жұмысшыларды және еңбек сапасын көтеру мақсатында жүзеге асырып жатқан іс-шараларының бірі деп білемін. Өйткені бүгінде елімізде жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс жоғары. Әсіресе, құрылыс мамандары, энергетика саласының мамандары, өнеркәсіп саласының мамандары алдыңғы шекте тұр.

Осы орайда Мемлекет басшысының биылғы жылды осы жұмысшы мамандықтарға арнауы ұтымды шешім болып отыр. Менің ойымша жұмысшы мамандарға деген сұранысты азайту үшін осы мамандықтарға оқуға түсетін жастарға гранттар бөліп, сапалы білім алуды ұйымдастыру керек.

Бұл ретте «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында біраз жоба қолға алынып, елдің көңілінен шығатын игілікті істер атқарылады деп сенеміз.

Қабылхан Омаров

медиатор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT