Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Жұмысшы мамандық жылы деп жариялаған болатын. Бұл – қарапайым еңбек иелеріне деген құрметтің айқын белгісі.
Сол құрметке лайық мамандықтардың бірі – тігінші. Қолына ине мен жіпті ұстап, әр киімді шеберлікпен тігетін бұл маман – еңбектің де, өнердің де иесі. Оның қолынан шыққан әрбір киім – әдемілік пен ыждаһаттың жемісі.
Тігіншілік – тек киім тігумен шектелмейді. Бұл – тұтас бір стиль, талғам, тіпті біреудің арманы. Мектеп формасынан бастап той көйлегіне дейін, бәрі тігіншінің қолымен жасалады.
Бүгінде тігінші болу – кәсіп иесі болу. Сұраныс бар, табыс та бар. Бұл – нағыз жұмысшы мамандық. Бірақ ол – нәзік өнермен өрілген еңбек жолы.
Ж.Жоламанова,
махамбет ауданы