Жұмысшы мамандығы қоғамға әрқашан қажет

Жұмысшы мамандығы қоғамға әрқашан қажет
(0 Votes)

Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы орны ерекше және әрқашан қажет. Ел Президенті өз сөздерінде еңбек адамының мәртебесін көтеру мәселесін үнемі алға тартады. 

Өйткені елдің дамуы мен тұрақтылығы қарапайым жұмысшылардың маңдай теріне байланысты. Біреуі жол салады, біреуі үй тұрғызады, біреуі балаларды оқытады, біреуі ауруларды емдейді – барлығы да қоғам үшін маңызды.

Кейде адамдар тек белгілі мамандықтарға ғана мән береді, бірақ қарапайым еңбек те қадірлі. Президент атап өткендей, еңбекке құрмет – елдіктің белгісі. Сондықтан жастарды жұмысшы кәсіптерін игеруге ынталандыру және олардың қоғамдағы беделін арттыру – маңызды міндет.

Әрбір адал еңбек еткен жанның бағалануы – еліміздің болашағының жарқын кепілі. Мен үшін бұл – шынайы өмірдің көрінісі. Еңбектің қадірін түсіну – біздің ортақ міндетіміз.

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT