Жұмысшы мамандығы – бүгінгі нарыққа қажетті негізгі күш

Жұмысшы мамандығы – бүгінгі нарыққа қажетті негізгі күш
(0 Votes)

Бүгінгі таңда жастардың көбі жоғары білім алуға ұмтылады. Алайда нарықтағы нақты жағдай көрсетіп отырғандай, елге ең керегі – жұмысшы мамандары. Қарапайым тілмен айтсақ, ел экономикасының «дөңгелегін айналдырып» тұрған – құрылысшы, электрик, дәнекерлеуші, тракторшы, сантехник сияқты еңбек адамдары.

Қай саланы алып қарасақ та, жұмыс қолына зәру. Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмыссыз жүрген жастар көп, ал техникалық колледж тәмамдаған мамандар еңбекке бірден араласып кетіп жатыр. Бұл – ақиқат.

Жұмысшы мамандығын таңдау – ұят емес, керісінше, бұл – нағыз өмірге қажет шешім. Қазіргі заман – нақты істің адамын қажет етеді. Қолынан іс келетін адам қай жерде де қадірлі. Тіпті кейбір жұмысшы мамандық иелері дипломы бар маманнан әлдеқайда жоғары табыс табуда. Демек, дұрыс бағыт таңдау – табысты болашақтың кепілі.

Меніңше, қоғамда осы түсінікті нығайту керек. Жұмысшы дегеніміз – тек құрал ұстаған адам емес, ол – елді алға сүйрейтін күш. Сондықтан жастар арасында техникалық және кәсіптік білімге деген ынтаны арттыру – маңызды міндеттердің бірі.

Ж.ҚАМЗА

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT