Мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтерген үкімет енді қарапайым еңбек адамдарына да ден қоя бастады. Оған себеп, Мемлекет басшысының биылғы жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы.
Соның нәтижесінде өндірістің түрлі салаларындағы біліктілігі жоғары жұмысшы мамандарына деген сұраныс көбейді.
Олар еліміздің мемлекет болып қалыптасуына атсалысады. Мәселен, бір ғана дәнекерлеуші немесе құрылысшы болмаса үйді де, ғимаратты да тұрғыза алмасымыз анық.
Сондықтан да бұл салада мүлтіксіз қызмет етіп жүрген еңбек адамының мәртебе қашанда биік болып қала бермек.
Гүлмира Омарова
ұстаз