Ел президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екенін, әрі жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихатталатынын жеткізді.
Яғни, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік секілді қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Сол арқылы жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артатыны сөзсіз. Себебі, жұмысшы мамандықтарын дамыту – ел болашағына, оның технологиялық және экономикалық дамуына салынған инвестиция деп білемін. Ел болып бірігіп, әр маманның құзыреттілігін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін тиімді және заманауи біліктілік жүйесін құратынымызға мол сенім білдіремін.
Салтанат Қожағұлова ,
аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы