Атырау қалалық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Атырау қалалық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
(0 Votes)

Атырауда қалалық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин, қалалық мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиев қатысты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Отырыста алғашқы сөз қала әкіміне беріліп, шаһар басшысы үш жыл уақыт қызмет атқарған Қоғамдық кеңестің алдыңғы құрамына ризашылығын білдірді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қоғамдық кеңес – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Өткен шақырылымдағы кеңес мүшелері осы міндетті абыроймен атқарып, маңызды мәселелерді көтеріп, халық игілігі үшін үлкен істерді жүзеге асырдыңыздар. Осы абыройлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! – деді Ш. Кейкин.

Қала әкімі Шәкір Кейкин мен қалалық мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиев кеңестің бұрынғы мүшелеріне арнайы Алғыс хаттар табыстады.

Одан кейін Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын бекіту рәсімі өтті. Конкурс нәтижесінде 21 азамат кеңес мүшелігіне қабылданып, 4 азамат резервке қойылды.

- Жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңес мүшелері осыған дейін атқарылған игі істерді жалғастырып, қала тұрғындарының өзекті мәселелерін атқарушы органмен бірлесіп шешетіндеріңізге сенімдімін. Сіздер өз жұмыстарыңыз арқылы қоғамның дамуына ықпал етіп, халықтың аманатын ақтайтындарыңызға сенімім мол. Жаңа құрамға сәттілік тілеймін! – деді қала басшысы Ш.Кейкин.

Осылайша, жаңадан сайланған Атырау қалалық Қоғамдық кеңесі өз жұмысын ресми түрде бастады. Кеңес мүшелерінің шешімімен жаңа қалалық Қоғамдық кеңес жетекшісі болып Баженов Арман Сырымұлы тағайындалды.

Аман ШАМАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT