Халық сенім артқан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады. Ел асыға күтетін Жолдауды Индер көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінің оқтушылар корпусымен студендттер қауымы айрықша ыждағаттылықпен тыңдады.
Президент Жолдауы ел тағдыры үшін маңызды құжат. Әлеуметтік-экономикалық, саяси даму бағытын бағдарлайтын Жолдауда мемлекет басшысы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Мемлекет басшысы үстіміздегі жылды «Жұмысшы мамандар жылы» деп жариялап бірқатар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Осы жолғы Жолдауда жұмысшы мамандарды жұмысқа тарту жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Сол арқылы еліміздегі техникалық мамандарға деген сұранысты шешу міндеті қойылып отыр.
Оның ішінде инженер, құрылысшы, агроном мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын бітірген мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін жұмыс болы тиіс екеніне назар аударды.
Цифрландыру,азаматтардың қауіпсіздігін жан жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарда ең көңілінен шығып отыр деуге толық негіз бар.
Президентіміз Ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге,абыройлы іс жасауға,ерінбей еңбек етуге шақырды.
Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымыман студенттер қауымы Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайды.
Асылбек МҰСТАФА,
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің
директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары