Теміржол — қауіпті аймақ

(0 Votes)

Жуырда тоғыз жолдың торабындағы аудан тұрғындары мен оқушыларына  «Теміржол — қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шараның басты мақсаты — балалардың теміржолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сақтық шараларын жетік түсіндіру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Түсіндірме жұмысы алдымен Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектебінің базасында ұйымдастырылып, оқушыларға теміржолдың адам өміріміне алып келетін зардаптары туралы кеңінен айтылды.

Аталмыш түсіндірме жұмыстарына  Атырау жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ардақ Ізтілеуов, облыстық магистральдық желі бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Мақсот Дүйсәлі, қалалық магистральдық желі бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Фариза Қазжанова, Мақат станциясы желілік полиция бөлімшесінің полиция қызмет инспекторы, полиция аға сержанты Жандос Рысқалиев және Мақат стансасының бастығы Қасым Табылды қатысты.

Кездесуде мамандар арнайы презентация арқылы теміржол аймағындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Полиция қызметкері Жандос Рысқалиевтің айтуынша, теміржолда заңсыз жүру  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Алғашқы жағдайда ескерту жасалса, бір жыл ішінде қайталанса заңға сәйкес айыппұл салынады.

Сондай-ақ қалалық магистральдық желі бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Фариза Қазжанова оқушыларға теміржол маңындағы сақтық шараларын қатаң ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Ол теміржолдағы әрбір қателік қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

«Балалар, сіздердің қауіпсіздіктеріңіз – біздің басты назарымызда. Теміржолдан белгіленбеген жерден өтпеу, қозғалыстағы пойызға жақындамау және арнайы ережелерді қатаң сақтау – әркімнің өмірін қорғауға бағытталған қарапайым талаптар. Бұл ережелерді ұстану – өз өмірлеріңізге деген жауапкершіліктің белгісі», – деді қалалық магистральдық желі бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Фариза Қазжанова.

Осылайша түсіндірме жұмыстары барысында мамандар оқушыларға теміржол аймағында өзін-өзі қауіпсіз ұстаудың жолдарын кеңінен түсіндірді. Шараның соңында қатысушылар теміржолда жүріп-тұру кезіндегі негізгі талаптарды тағы бір еске салып, сақтық шараларын ұдайы есте ұстауға шақырды.

Аталмыш түсіндірме жұмыстары әрмен қарай аудан тұрғындарымен де өткізіліп, кең сипат алды. Мамандар тұрғындарға теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелерін тағы бір мәрте еске салып, заңсыз әрекеттердің салдары жайлы түсіндірді. Әсіресе балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігіне тоқталды.

Ж.Қамза

Суреттер автордікі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT