Жолдау жарлықтары

(0 Votes)

Әдетте, Жолдауда еліміздің болашағы үшін маңызды тетіктер айтылып, көптің көкейінде жүрген мәселелер қозғалады. Бұл жолы да сол жолдан таймады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат.

Жолдаудың мән-маңызы өте ерекше, ауқымы кең, мазмұны бөлек екені көңіл қуантты. Сондықтан оның әр бөліміндегі көтерілген мәселемен тапсырмалар –ұлт ертеңі үшін атқарылатын нақты жол. Президент кезекті Қазақстан халқына Жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат-мұраттарымызды анықтап берді. Бұл Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту, құрлықтың экожүйелерін және климаттың өзгеруі, инклюзивтік өсу, жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша ой-ұсыныс айтылды. Президент Жолдауында көтерілген мәселелердің өзектілігі және ұсынылған шаралардың маңызы ерекше. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, Қазақстан халқының тұрмыс жағдайының жақсаруына жол ашып, түрлі салаларында нақты жақсартуларды ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындауда үлкен жауапкершілік жүктейді.

Марзия Дүйсенғалиева

Құлсары қаласы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT