Жолдауда көптеген мәселелер көтеріліп, түйіткілдің түйіні тарқатылды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев жегі құрттай болған кеселдерді де атап өтіп, жетістікке бастайтын жолдарды да нақты көрсетті.
Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен есте қалды. Алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау арқылы еліміздің өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да секторларындағы мамандардың маңызын ерекше атап өтті. Бұл қадам елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған.
Жолдау Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Елдің әр саласындағы реформалар мен жаңалықтар болашақта халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ерназ Ахметкәрімов
сурет: ашық дереккөз