Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру уақытында қозғалған мәселе. Себебі, көп жағдайда жекелей адамдардың жұлдызы жанғанымен, қарапайым жұмысшылардың еңбегі еленбей қалып жатады. Биылғы жұмысшылар жылы жаңа серпін беріп, қатардағы қызметкерлердің мерейі өседі деген сенімдемін.
Өзім де сол санаттан болғаннан кейін жұмысшылардың жанайқайы мен мұң-мұқтажын жақсы түсінемін. Көп жетістіктердің артында жұмысшы мамандықтардың еңбегі зор. Сондықтан, бұл өте жақсы бастама және жұмысшыларға тың күш береді деген ойдамын.
Асхат Ахметкәрімов,
жүргізуші