Жұмысшылар жылы – бағдарлы болашақтың кепілі

(0 Votes)

Жұмысшылар жылы жаңа серпін беруі тиіс деп ойлаймын. Себебі, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та зор сенім білдіретінін жеткізген болатын. Негізінен, «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» дегендей, әр істі өзінің маманы тындырар болса, елдің де өркендейтіні анық. 

Ел Президенті Қ.Тоқаев:

- Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Соңғы жылдары мемлекет ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырды. Әлі де арттыра береді. Бірақ бұл қаржы нақты мақсатқа сай жұмсалуы қажет,-деді өз сөзінде.

Қазір бастағы білімнің алға озған уақыты. Технологиясы озық мемлекеттер көш басында келе жатыр. Соны ұғынған Мемлекет басшысы да жастардың біліміне аямай инвестиция құю керек екенін меңзеп отыр. Егер, дәл осы бағытта нақты жұмыстар мен реформалар жүзеге асар болса, болашағымыз бағдарлы болады деп есептеймін.

Алтай Қарағұлов,

кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT