Жұмысшы мамандықтар жылына орай Жылыойда 3D модельдеу курсы өтті

(0 Votes)

2025 жыл — Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай ел көлемінде түрлі кәсіби бағыттағы шаралар ұйымдастырылып келеді. Аталған бастаманың аясында Жылыой ауданында жастарға арналған тың жоба жүзеге асты.

Жылыой аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 3D модельдеу бойынша арнайы курс өткізілді. Заманауи технологияларды меңгеруге бағытталған бұл курсқа аудандағы белсенді жастар қатысып, үш өлшемді модель жасау негіздерін үйренді.

Курс барысында қатысушылар арнайы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеуді меңгеріп, нақты жобалар әзірлеу арқылы тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Жастар үшін бұл — болашақта дизайн, инженерия, құрылыс және өндіріс салаларында қажет болатын құнды машық.

Шараның басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының заманауи бағыттарын насихаттап, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай курстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бұл бастама — жұмысшы мамандықтарының тек дәстүрлі емес, заманауи бағыттарын да қамтитынын көрсететін жарқын үлгі.

Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT