Жұмысшы мамандығына сұраныс бар

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында салынып жатқан алпыс пәтерлік үй құрылысында бір топ жас жігіттер абаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Біреулері үй алдына салынатын бордерді тасып, басқалары екі аяқты қоларбамен тас төсеніштерді жеткізуде. Жұмыстары қарқынды, жел тұрып, топырақ ұйытқығанымен шаруалары жоқ. Жас жұмысшылардың бірін сөзге тарттық.

 – Құрылыс саласында жұмысшы болып жасап келеміз. Махамбет ауданы, Алға ауылының жігіттеріміз. «Батыс Строй Сервис» фирмасының құрылыс жұмыстарының бригадасымыз. Қайда жұмыс жасасақта, сапалы етіп шығарамыз. Өйткені үш жыл бойы абаттандырумен айналысып жүрміз. Сол себепті бізге үлкен сенім артып, осындай нысандарға жұмсайды. Бұған дейін Атырау қаласында, Еркінқалада, Құлсарыда болдық. Енді фирмамыз «Еламан ойл» ЖШС қарауына, Құрманғазы ауылына осы нысанға жіберіп отыр. Өзімізге тапсырылған жұмысты рет-ретімен уақытында аяқтайтынымызға сенімдіміз. Жалпы жұмысшы мамандығына қайда да сұраныс бар,– дейді бригада мүшесі Нұржан Мукашов.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT