Аққыстауда тазалыққа жұмылған көпшілік

(0 Votes)

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Аққыстау ауылында мекемелер арасында жаппай сенбілік өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

 Сенбілікке ауылдағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, көшелерді, қоғамдық аумақтарды және мекеме маңайын тазалау жұмыстарына атсалысты. Жалпы, 15-тен астам мекеме және жүзден аса қызметкер тазалық жұмыстарына шықты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер жүйелі түрде жалғаса береді.

— Бәріміз бірге туған ауылымызды көркейту жолында жұмыла әрекет етсек, таза әрі жайлы орта қалыптастыра аламыз,-дейді шараны ұйымдастырушылар.

Ауыл тұрғындары да алдағы уақытта өтетін сенбіліктерге белсене қатысып, ортақ іске үлес қосуға шақырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT