Жұмысшы мамандығы – мәртебелі!

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.

Бұндай шешім елімізде жұмысшы мамандықтарына деген көзқарасты жақсы қалыптастыру мақсатында жастарды түрлі технологияларға қызықтыру. Қазіргі таңда елімізде инженер, энергетик, су шаруашылығы мамандары, агроном, мал дәрігерлері және басқа да маңызды мамандықтары сұранысқа ие. Дәрігер бізге қандай қажет болса, мал дәрігері де тап сондай ауылшаруашылығы саласына аса қажетті мамандық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін өз сөзінде «Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!»,- деген еді. Иә, қоғамда кез-келген еңбек бағалану керек. Барлық жұмыс орнына құрметпен қарап, әрбір маман иесінің біліктілігін бағалау – біздің еліміз үшін маңызды қадамдар. Бастысы кез-келген жұмысшы өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Соның нәтижесінде еліміз дами бермек.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT