Жастар есірткіге қарсы

(0 Votes)

1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгілеген болатын.

Өткен бейсенбі күні аудандық мәдениет мен үйі ұжымы мен Жастар ресурстық орталығы бірігіп, орталық ғимаратында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты жастарды темекі, арақ, есірткі секілді зиянды заттардан бойын аулақ қылуға шақыру және жастар арасында есірткіге қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыру еді.
Шара басында қоғамның қасіретіне айналып отырған нашақорлық жөнінде баяндама жасау үшін аудандық орталық аурухананың фельдшер-нарколог маманы Лира Нәукенбаеваға сөз берілді. Сұрақ-жауап бөліміне кезек келгенде жүргізушінің «Жастарды жаман әдетке не итермелейді?», - деген сұрағына, «Оған бірде-бір себеп – қоршаған орта факторы. Жасөспірімді жаман жолға түскен достары қызықтыруы мүмкін. Кейбіреулер ауылдан қалаға барып бұзылып кетіп жатады. Есірткіні бір көрген бала тәуелділіктен арыла алмай қалады,- деп жауап айтты маман. Ал салауатты өмір салтын ұстанамын деушілерге спортпен айналысып, ғылым қууға кеңес берді.

18101103-37d2-4e47-b285-f78a3d2fe6e0
Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны «Жас қалам» әнімен Бекзат және Гүлнәр Арыстановтар бастады. Кейін Бейсенбай Әлімгереев пен Бағыт Жалмұханов «Қайран халқым-ау» және «Көңіл қымбат» әндерін шырқады. Нұрбек Сарбасов өз шығармашылығынан «Ғасыр дерті» өлеңін оқыса, Қыздар триосы «Қазақ елі» әнімен шараның нүктесін қойды.


А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT