Қазіргі заман талабына сай оқушыларға цифрлық сауаттылықпен қатар, жасанды интеллект негіздерін де меңгерту маңызды.
Бұл – болашақта бәсекеге қабілетті, жаңашыл маман қалыптастырудың алғашқы қадамы. Егер осы бағытта оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар жүйелі түрде әзірленсе, оқушылардың технологияға деген қызығушылығы нақты нәтижеге ұласары анық. Жасанды интеллектті ерте жастан меңгерген ұрпақ ел дамуына үлес қосатын тың жаңалықтардың авторы бола алады.
С.Оңғарбай,
белсенді жас