Жәрмеңкеден керегіңді аласың

(0 Votes)

Атырауда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізуге рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің қаулысында айтылған.

«Автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында ара қашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге сағат 9:00-17:00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат берілсін», -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, сағат 09:00-22:00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының жұмысына да рұқсат етіліп отыр.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT