Атырау полицейлері жаздың ыстығы басталмай жатып, Жайық өзеніне суға түсіп жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтады.
Жексенбі күні түс кезінде Жайық өзенінің қаладағы Каспий ықшам ауданы мен Тұрғындар қалашығы- Авангард жаяу көпірі тұсында серуендеп, суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірім тәртіп сақшыларының қырағылықтары арқасында дер кезінде анықталды.
Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргендерінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылып, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364 - "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" бабымен хаттамалар рәсімделді,-деп хабарлайды Атырау Департамент полициясы өзінің фейсбук парақшасында.