Жандарбек жүрген жол

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметші болу бұл салада бірде-бір күнін өткізбегендер үшін оңай болып көрінуі мүмкін.

Алайда өмірін елге қызмет етуге арнаған жандардың еңбегін жоққа шығара алмаймыз. Олар ештеңеге қарамай халықтың игілігі үшін күнделікті міндетін атқарып келеді. Жастайынан мемлекеттік қызметтің отымен кіріп күлімен шығып келе жатқандардың қатарында доссорлық Жандарбек Сарбасов та бар. 1980 жылдың 27 желтоқсанында мұнайшы мен дүкеншінің отбасында жарық дүние есігін ашқан ол, ағасы мен апасы және қос қарындасының ортасында үйдің ортаншы баласы болып өседі. 1987 жылы сол кездегі В.Г.Белинский атындағы білім ұясының табалдырығын аттап, 1997 жылы үлкен өмірге қанат қағады. 1-ші сыныпта соңғы қоңырау соққан ұлдың, мектеп бітіргенше «құрмет тақтасынан» суреті түспеген.

Кейін 2001 жылы Атырау инженерлік гуманитарлық институтынан «заңгер» мамандығын игеріп шығады. Ол ауылда стары арасында алғашқы компьютер клубын ашушы және компьютер жөндеуші ретінде жақсы таныс. Таксист бола жүріп-ақ жастайынан әртүрлі кәсіптерде өзін сынаған Жандарбек Абдрахимұлы 24 жасынан бастап көлік жөндеумен айна лысады. Ол мемлекеттік қызметке келуіне түрткі болған жағдай туралы былай еске алады: «2007 жылдың қаңтарында сол кездегі Доссор кентінің әкімі Құрман Қожабергеновтің өзі хабарласып қабылдауына шақырды. Әкімдікте әлеуметтік саламен айналысатын бос орын бар екендігін, ол орынға сырттан қыздар келіп, жұмыс сұрап жүргендігін айтқан. Бірақ ішке заңгер ер азамат керектігін алға тартқан еді. Мен жүрексініп, мемлекеттік қызмет қалай болады екен деп ойла нып жүргенде әкім қабылдауына қайта шақырып, жұмысқа кірісетінім туралы өкім шығарып жіберді»,- деді ол. Осылайша Доссор кенті әкімі аппаратындағы қызметін заңгер болып бастаған ол салық базасын кеңейту бойынша да өз іскерлігін көрсетеді.

Жас маман 2007 жылдың желтоқсан айында Қошқар кентіне бас маман ретінде жіберіліп, ол жерде 3 айға жуық уақыт еңбек етеді. Одан кейін аудан әкімі аппаратында мемлекеттік құқықтық және әскери жұмылдыру бөліміне бас маман болып жүргенінде жұмыс жолын аудандық Әділет басқармасында жалғастырады. Бұл салада да бағын сынап көрген Жандарбек Сарбасов нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бойынша бас маман болып ауысады. Сол уақытта еңбек пен білімді қатар ұштастырып Атырау мұнай және газ институтынан «экономист» дипломын алады. «Қай жердегі жұмыстың да өз қызығы мен қиыншылығы болды. Дегенмен отбасын асыраушы болғандықтан жеке кәсіпке оралуды жөн көрдім. Мемлекеттің қаржылай қолдауын пайдаланып, несиенің көмегімен халыққа қызмет көрсету орталығын аштым. Себебі ол кезде айлығым небәрі 40 000 теңге болатын», - дейді ол өткен күндер туралы.

Жандарбек Абдрахимұлының мемлекеттік қызметке қайта оралуына 2019 жылы жолдас жігітінің: «Доссор кентіне әкім керек боп жатырған көрінеді ғой, неге өз кандидатураңды ұсынып көрмейсің» деген сөзі түрткі болады. Кейіпкеріміз көп ойлана келе екінші үміткер Асылбек Әбілғазиевке қарсылас бо лады. Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы нәтижесінде кандидатурасы әкім атануға лайықты қолдау таппай, аудандық ішкі саясат бөлімін басқаруға ұсыныс түседі.

2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың шілдесіне дейін ішкі саясат бөлімін басқарғаннан соң 2022 жылдың мамыр айына дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде басшылық етеді. Ол уақыт пандемия кезі болса да көптеген мәдени және спорттық шаралардың жоғары деңгейде өтуімен аудан тұрғындарының есінде қалды. Жандарбек Абдрахимұлы – бүгінгі таңда аудандық тұрғын үй инспекциясының басшысы. Көрген-білгенін, тәжірибесін аталған бөлімнің жұмысын көркейту үшін жұмсауда.

Сонымен қатар ол бір шаңырақтың отағасы, үш баланың әкесі болып, анасының алдындағы да перзенттік парызын өтеуде. Балаларының үлкені сту дент болса, екеуі оқушы. Жолдасы Анар Сатмағанбетова Б.Қанатбаев атындағы орта мектепте тарих және құқық пәндерінен сабақ береді. «Барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл жолдағы еңбектері абыройлы болсын, елімізді бірге дамытайық», - дейді әлі талай жыл мемлекетке қызмет ететін жоспары бар азамат.


А.ЕСЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521