Жаңашылдық пен дамуға бағытталған қадамдар

Жаңашылдар пен дамуға бағытталған қадамдар
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында еліміздің мәдениеті мен спорт саласына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Өнер адамдарының ұлттық мәдениетті шетелде танытуы – ел абыройын арттыратын маңызды жұмыс, сондықтан оларға қолдау көрсету орынды. Алайда, қазіргі заман талабы – тек дәстүрді сақтау ғана емес, оны жаңа форматта ұсына білу. Сол себепті мәдениет қайраткерлері де жаңашылдыққа бейімделіп, заманауи тәсілдермен жұмыс істеуі қажет.

Футболға қатысты айтылған пікірлер де орынды. Клубтарды жекешелендіру арқылы қаржылық тұрақтылық пен тиімді басқаруға қол жеткізуге болады. Бұл – әлемдік тәжірибе дәлелдеген бағыт. Футболды коммерцияландыру — спорттың дамуына серпін беретін негізгі факторлардың бірі. Мемлекет емес, нарық қағидаларына сай дамыған футбол ғана кәсіби деңгейге көтеріле алады. Сондықтан бұл қадамдар Қазақстан спортының болашағы үшін маңызды.

Әнуар Теңдібай,

Мақат БЖСМ -нің жаттықтырушысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT