Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы еліміздің білім беру және мәдениет саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды. Аудандық Мақат балалар өнер мектебінің домбыра ұстазы ретінде мен бұл Жолдаудың білім мен өнердің үйлесімді дамуына ерекше көңіл бөлгенін атап өткім келеді.
Президентіміздің ауыл мектептерін жаңғырту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндегі тапсырмалары аудан өнерінің өркендеуіне тың серпін береді. Бұл біздің ұстаздар қауымына, әсіресе ауданымыздың өнерпаздарына зор мүмкіндік деп білемін.
Жолдауда атап көрсетілгендей, білім мен тәрбие бір-бірін толықтырып, балаларды жан-жақты дамытуға бағытталуы тиіс. Жаңғырған білім жүйесі аясында аудандық өнер мектептері жаңа әдістер мен құралдармен қамтамасыз етіліп, талантты шәкірттерге жол ашылады деп сенемін. Бұл еліміздің мәдениеті мен ұлттық рухының дамуына қосқан үлесіміз болмақ.
Г.Омарова
Мақат балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы