Жаңа Салық кодексі: Негізгі өзгерістер

Жаңа Салық кодексі: Негізгі өзгерістер
(0 Votes)

Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай өзгерістер болатынын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз.

Жаңа Салық кодексінің негізгі ұсыныстары:

ҚҚС (Қосылған құн салығы):
• Негізгі мөлшерлеме – 16%.
• Шегі – 40 млн теңге.
• Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады.
• Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады.

Корпоративтік табыс салығы (КТС):
• Негізгі мөлшерлеме – 20%.
• Банк және ойын секторы үшін – 25%.
• Қаржы лизингі мен әлеуметтік салада – 10%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.
• Ауыл шаруашылығы – 3%.
• Әлеуметтік сала – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
• Өңдеу өнеркәсібі – 20%.

Салықтар мен төлемдерді оңтайландыру:
• Салықтар саны 12-ден 11-ге қысқарады.
• 2 төлем алынып тасталады, 3 төлем біріктіріледі.
• Алымдардың 6 түрі, мемлекеттік баждың 5 түрі қысқартылады.
• Салықтық жеңілдіктер қайта қаралады:
• 3,4 трлн теңге сомасындағы 453 норма жеңілдік деп танылды.
• 1,3 трлн теңге сомасындағы 128 жеңілдік алынып тасталмақ.

Сараланған салық жүйесі:
• Жоғары табысы бар азаматтарға – прогрессивті ЖТС:
• Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатындарға – 15% мөлшерлеме.
• Қымбат мүлік, көлік, яхта, ұшақ, алкоголь мен сигараға – «сән-салтанат» салығы мен акциздер.
• Энергетикалық сусындарға да акциз енгізіледі.

Арнаулы салық режимдері (АСР):
• АСР саны 7-ден 3-ке қысқарады:
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим.
2. Оңайлатылған декларация негізіндегі режим.
3. Шаруа/фермер қожалықтарына арналған режим.
• Оңайлатылған режимнің:
• Кіріс лимиті – 600 мың АЕК.
• Мөлшерлеме – 4% (мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады).
• Қызметкерлер санына шектеу жоқ.
• Тек B2C операцияларына рұқсат.

Инвесторлар үшін ынталандыру:
• Барлау, құрылыс, жабдыққа кеткен шығындарға – 100% шегерім.
• Рентабельділігі төмен кен орындарына – 5 жылға нөлдік салық.
• Салықтан үнемделген қаражат – инвестиция мен өңірлік дамуға бағытталады (дивидендке тыйым).

Салық әкімшілендіру:
• Салықтық жазалау азайтылады.
• Сервистік модель енгізіледі.
• Есептілік 30%-ға қысқарады.
• Камералық бақылау – ескерту сипатында болады.
• Кәсіпорынның салық жүктемесі төмен болса – тексеру жүргізілмейді.

Болжамды нәтиже:
• Жыл сайын 4-5 трлн теңге қосымша түсім.
• Ұлттық қорға тәуелділік азаяды.
• Қысқа мерзімде 2,5-3% инфляциялық әсер болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, ақылы медициналық қызметтерге қанша салық салынатыны туралы осыған дейін жаздық.

"Сән-салтанат салығы" деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.

Ал үй жанындағы дүкендер салық төлемейтін болды.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT