Жаңа реформа – жаңашылдыққа қадам

Жаңа реформа – жаңашылдыққа қадам
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси реформалар жайында мәлімдеме жасап, Конституцияның 40-қа жуық бабына өзгеріс енгізілетінін айтты. Бұл өзгерістер еліміздің басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Президенттің сөзінше, Конституциядан кейін кемінде 10 конституциялық заң мен 50-ден астам заңға түзету енгізіледі. Бұл ел тарихындағы аса ауқымды заңнамалық жаңарту.

«Бұл жұмысты бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес, тыңғылықты дайындық қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Расында да мұндай маңызды реформалар терең талқылауды талап етеді.

Аудан тұрғыны ретінде бұл бастамаларды қолдаймын. Себебі, бұл өзгерістер халықтың өміріне тікелей әсер етеді.  Сондықтан әрбір азамат алдағы өзгерістерге назар аударып, белсенділік танытуы қажет деп санаймын.

 

Қ.Омаров,

кент тұрғыны

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT