Тең мүмкіндік – тең қоғам

Тең мүмкіндік – тең қоғам
(0 Votes)

Қазақ даласы ғасырлар бойы баласын жетім, жұртын жадау етпеген ел еді. Ел болып еңсе тіктегелі де, халықтың әл-ауқаты, әсіресе ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Биылғы жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халықына арнаған Жолдауында да осы тақырыпқа ерекше тоқталып, нақты міндеттер жүктеген болатын.

Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында ауылды өркендетуге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, балалардың сапалы білім мен қолжетімді дамуға қол жеткізуіне нақты бағыттар ұсынды.

Атап айтқанда, балаларға арналған даму орталықтарын ашу, жаңа мектептер мен емханалар салу, спорт пен мәдениет нысандарын көбейту – ауыл өмірінің тынысын кеңейтетін маңызды бастамалар. Осындай жұмыстар арқылы ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтық азаяр еді.

Аудан ардагері ретінде айтарым бұл бастамалар – болашақ ұрпақтың бақыты үшін жасалып жатқан нақты қадамдар.

 

Қ.Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT